Облыс орталығында «Ақ Жол» демократиялық партиясының кубогіне арналған каратэден жасөспірімдер арасында республикалық ашық біріншілік өтті.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту – басты міндеттердің бірі. Себебі, дені сау ұрпақ – ел болашағы. Осы мақсатта ұйымдастырылған спорттық сайысқа еліміздің 6 өңірінен 300-ге жуық жас спортшы қатысты.

6 мен 12 жас аралығындағы өрендер 25 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ең мықтыны анықтады. Осылайша, екі күнге созылған турнирде жеңіске жеткен командалар медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде спорттың бұл түріне жастардың қызығушылығы едәуір артқан. Сондықтан аталмыш турнирді енді жыл сайын өткізіп тұру жоспарда бар.