Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алушылармен жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 1,2 миллиард теңге қаржы үнемделген. Яғни осы санаттағы көмек алушылар саны 15 мыңға қысқарған. Олардың қатарында көмектен өз бетімен бас тартқандар, табысын жасырғандар, жалған құжат ұсынғандар да бар.
Мемлекеттен берілетін қаржылай көмекті шын мұқтаждар алуы тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек беру басталған уақытта, яғни 2022 жылы аймақта бұл санатта 70 мыңға жуық адам құжат тапсырып ала бастаған. Облыс әкімінің қаржыны нақты, мұқтаж кісілерге беру бойынша тапсырмасынан кейін мониторнигтік топ құрылып, жұмыстар күшейтілді. Нәтижесінде бүгінге дейін 37 мың адам қысқарған. Мониторингтік топ өкілдері аралау барысында жалған құжаттар тапсыру немесе табысын жасырғандардың да жиі кездескенін айтады.
ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мониторингтік топпен 2 жыл 10 айдың ішінде 54 пайызға төменге түсірдік. 70 мыңға жуық адам болса, қазір 32 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Почти 38 мыңдай адам атаулы әлеуметтік көмек алудан тоқтатылды. Олар бойынша жалпы 2022 жылдан бастап, 3,3 млрд теңге қаржы үнемделіп отыр. Биыл бізде 32,4 пайызға қысқарды. 15 мыңдай адамға қысқарып тұр биылдың өзінде. 10 айда 1,2 млрд үнемделіп тұр, жыл аяғына дейін 1,4 млрд теңге үнемделеді деп күтілуде. Мысалы кеше бір азаматшаның 2млн 900 мың теңге алған екен. Соған соттың шешімі шығып тұр. Бүгінгі күні қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.