Ақайдағы нөмірі 99-шы мектеп Илон Масктың спутниктік интернетін пайдаланып отыр. Ерекшелігі сол, ауыл балалары қарапайым интернет жылдамдығынан 15 есе артық - жаһандық Starlink желісінің игілігін көруде. Байқоңырдағы меншікті тілшіміз Гүлай Ашекованың экслюзивті бейнематериалына зер салайық.
ГҮЛАЙ АШЕКОВА - ТІЛШІ «Ақайдағы бұл мектеп секундына 280 мегабайттық интернетке қосылған. Соның арқасында ұстаздар да мектептегі 500-ден аса оқушы да 15-есеге артқан интернет желісін қолданады. Осы сәтті пайдаланып біз де жаңа желіні сынап көрелік. Мәселен, мынау менің смартфонымдағы күнделікті біз қолданатын қарапайым интернет желісі. Қазір ғаламтордан бір ақпарат іздеп көрейік... Шамамен менің телефоныда 10 секундқа дейін іздеу болды. Ал мында «starlink» интернет желісі... Міне, 2-3 секунд. Көріп тұрғанымыздай расында Иллон Масктің желісі жылдамырақ жұмыс істейді екен».
Starlink желісі 5G стандартына сәйкес келетін жылдамдықпен ғаламшардың кез келген нүктесінен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. Спутниктері орбитада Жерден 300 шақырымға дейін қашықта орналасқан. Бұл спутниктердің қызметін тіпті американдық әскерилер пайдаланады екен. Ал енді бұл мүмкіндікті Байқоңыр іргесіндегі ауыл мектебінің пайдалануы үлкен жетістік.
МАЙРА СҮГІРБАЕВА – №99 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «бұл биылғы жылдың маусым айында орналасты. Бүгінгі күні біздің мектептің оқушылары жоғары жылдамдықты интернет желілерін пайдаланады. ҰБТ дайындық кезінде өте тиімді. Ауыл мектептері арасында олимпиада болды, сол кезде де осы құрылғының пайдасын көрдік».
ӘСЕЛ ӘКІМБАЕВА – ОҚУШЫ «Қазіргі таңда мұғалімдер де, оқушылар да осы жылдам интернетті пайдаланып отыр. өзім 11 сынып оқушысы ретінде ҰБТ-ға дайындық кезінде маған пайдасы мол деп айта аламын».
Озық технология Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында мектепте тек кабельдік жүйемен орналастырылған.
ЕРБОЛ НӘЖАУИ – №99 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ИНЖЕНЕРІ «қазіргі таңда кабельдік жүйемен тартылып, әр сыныптарға қойылып тұр. Әрі қарай облыстық білім бөлімі бізге доступ береді. Әрі қарай жұмысы жүре береді сонымен. Қауіпсіздік жағына келер болсақ, алдағы уақытта әлде де айтылады».
Айта кету керек, жыл басынан бері аймағымызда 41 мектеп Илон Маск желісінің игілігін көріп отыр. Жалпы еліміз бойынша шалғай ауылдарда орналасқан 2000 білім ордасын жылдамдатылған интернет желісімен қамтамасыз ету көзделген.