Арал ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ!» марафоны өтті.
Марафонға 100-ге жуық спортшы қатысып, төрт шақырымға жүгірді. Мәре сызығын алғаш болып кескен желаяқтар облыстық прокуратура мен аудан әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Шараның мақсаты – аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастырып, теріс әдеттерден аулақ болуға үндеу.