Қызылордада қаржы пирамидасын құрған әйел 5 жылға сотталды. 34 жастағы қызылордалық тұтыну кооперативін құрып, пайызсыз баспана мен автокөлік алып берем деп салымшыларды алдап, ақша жинаған.

Алаяқ әйелдің арбауына түскен 11 азамат оның ұйымына 17 миллион 600 мың теңге ақша салыпты. Қомақты қаржысынан айырылған салымшылар құқық қорғау органдарына шағымданып, сот процесі барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтеліп, кінәлі әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.