Бүгін Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қаладағы бірқатар нысанды аралады. Өңірдің даму динамикасын бағамдап, жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Аймақ басшысының бастамасымен биыл өңірімізде «Руханият» жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда бір топ журналист алдымен «Өнер орталығында» болды. Наурыз айында ел игілігіне берілген нысан бүгінде өнер сүйер қауымның сүйікті орнына айналып үлгерді.
Журналистер «ЖАНАРАЙ» агро-индустриалды кешенінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын күріш, құрама жем өндірумен, жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаумен айналысады.Зауытта тәулігіне 150 тонна күріш ақталып, 80 тонна жем өндірілуде. Ал, жеміс-жидек пен көкөніс қоймасына екі жарым мың тонна өнім сыйып кетеді.
Ал, «Анаға тағзым» орталығы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, рухани тәрбие беретін орынға айналған.
Ел аумағындағы электр энергиясын өндіретін алғашқы жылу станциясы біздің аймақта бой көтеруде.
Мұнан соң қаламгерлер қайта жаңғыртудан өткен орталың алаңға аялдап, шаһарымыздың көрікті, таза қалаға айналғанына назар аударды.