«Қазақстан мұғалімі – 2024» Ұлттық сыйлығының топ-10 финалисі анықталды. Үздіктер қатарында қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова да бар.
Ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға еліміздің барлық аймағынан 2200-ден астам мектеп мұғалімі қатысуға ниет білдірген. Олар жоғары академиялық жетістіктерін, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көрсетіп, берілген тақырып бойынша жобаларын қорғады. Нәтижесінде, әлемнің түкпір-түкпірен жиналған ғалымдар мен сарапшылардың шешімімен 10 үздік педагог іріктеліп алынды. Осылайша, халықаралық байқаудың қазақстандық кезеңінде үздік деп танылғандардың әрқайсысына 1 млн теңге ақшалай сыйлық табысталды. Олардың қатарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Бурабайқызы да бар. Білікті ұстаз енді «Әлем мұғалімі» байқауында ел намысын қорғамақ.
ГҮЛЗАТ ШЫНТАСОВА – «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ – 2024» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ФИНАЛИСІ
Сондай-ақ, байқауда әр түрлі сұрақтар қойылды. Яғни, мұғалімді жан-жақты қырынан саралайтын сұрақтар болды. Ол сайыста менің әдістемелік ерекшелігім Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың методикасын қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі ретінде дәлелдеу. Көптеген жұмыстарым осы бағытта дамыды. Сарапшылар осыны негізге ала отырып, ерекше деп бағалады деп ойлаймын.