#qyzylordatv
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Аралда әдеттен тыс құтқару операциясын жүргізді. Аудан орталығындағы кәріз құдығына түсіп кеткен түйені мамандар арнайы техника көмегімен жылдам қауіпсіз аумаққа шығарды.
Оқиға Арал қаласындағы Ормағанбетов көшесінің бойында орын алған. Жануар жеке тұрғын үйдің ауласының сыртындағы құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар үйлесімді әрекеттің арқасында түйені жылдам сыртқа шығарып алды. Ол үшін арнайы техника мен құрал-жабдықтар қолданылды.