#qyzylordatv
Облыс орталығында көлігін тастап, жаяу қашып кетпек болған жүргізуші ұсталды.
Оқиға 18 шілде қала көшелерінің бірінде болды. Тойота ланд крузер автокөлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларының «тоқта» деген талабына бағынбай, қашып кетуге тырысқан. Видеодан көргендей, жүргізуші көлігін үйдің ауласына қойып, әрмен қарай келесі қораға секіріп өтпек болған. Әрине бұл әрекеті сәтсіз болды. Тексеріс барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
ЗАң бұзушының көлігі айыптұрағына қойылып, өзі әкімшілік қамауға алынды. Дәл осы күні тағы 3 мас жүргізуші ұсталды. Аталған құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік шара көрілді.