#qyzylordatv
Ел азаматтары Құрылтай сайлауында тұр¬ғылықты жері бойынша дауыс бере алмайтын жағдайда есеп¬тен шығару куәлігі арқылы өзі болатын аумақта таңдау жасай алады. Ол үшін 7-ші тамыздан бастап 22-ші тамызға дейін учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жолдауы тиіс.
Яғни, азаматтар жеке басын куә¬ландыратын құжаты арқылы есеп¬тен шығару куәлігін ала алады. Осылайша уақытша болатын аумақтағы сайлау учаскесінде сол куәлік арқылы дауыс берушілер тізіміне енгізіліп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар. Ескеретін жәйт, есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді әрі қайта берілмейді.
АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Есептен шығару куәліктері түпнұсқада беріледі және тек қана бір рет беріледі. Егерде жоғалтып алған жағдайда қайта берілмейді. Яғни, есептен шығару куәлігін алған азамат ҚР ішіндегі барлық учаскелерге барып дауыс беру құқығы бар. Ескере кету керек, жалпы есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеге беруге мүмкіндік жоқ. Әр азамат 23 тамыз күні басқа өңірге іс-сапарға баратын болса, қоныс аударатын болса, немесе басқа бағытта сапар шегетін болса бұл куәлікті беру мүмкіндігіміз бар