#qyzylordatv
Облыс орталығында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кету жағдайлары жиілеп барады. Жыл басынан бері бақылаусыз қалған 9 бала терезеден құлап, жарақат алған.
Жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында төтеншеліктер тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда. Ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды көзден таса қалдырмауларын сұрайды.
Құтқарушылардың айтуынша, көпқабатты үйден құлаған балалардың дені – ата-ананың қарауынсыз және үйде жалғыз қалғандар. Сондай-ақ терезеде қорғаныш торлар немесе шектеуіштердің болмауы – басты себептің бірі.