#qyzylordatv 

 Қалаға қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар жанындағы шығармашылық үйірмелері дарынды жастардың өнерін шыңдайтын алаңға айналды. Нәтижесінде Сыр өрендері түрлі байқауларда топ жарып келеді. Мәселен биыл 100-ден астам жас өнер додаларынан олжалы оралған. Саладағы осы және өзге де оңды өзгерістер турасында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев хабарлады. 


 Осы жылдың ең ірі жетістіктерінің бірі – қала өнерпаздарының халықаралық аренада табысты өнер көрсетуі болды. Әзірбайжанда өткен ауқымды би байқауында қалалық мәдениет үйінің «Ақмарал» би студиясы ең үздік атанып, гран-при еншіледі. Қалаға қарасты елді мекен өнерпаздары да табыстан кенде емес. Айталық, Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары да халықаралық байқаудан жеңіспен оралды. Жалпы, биыл қалаға қарасты мәдениет ошақтарының таланттары түрлі деңгейдегі 53 байқаудан олжалы оралды. Ал, жергілікті мәдениет ошақтарында 550-ге жуық көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 160 мыңнан астам көрермен қатысқан.  


АЙДЫН ҚАЙРУЛЛАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ  

 Алдағы уақытта да дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени кеңістікте өңірдің абыройын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Қайта жаңғыртудан өткен президент паркі мен қалалық демалыс саябағы бүгінде қызылордалықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды. Жаз мезгілі баслағаннан бері аталған саябақтарда түрлі шаралар ұйымдастырлып келеді...