#qyzylordatv #заңментәртіп
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті жыл басынан бергі жұмыс нәтижесін жариялады. Осы кезге дейін департаменттің өндірісінде 29 қылмыстық іс болған.
Соның ішінде аяқталған 14 істің 13-і сотқа жолданып, мемлекет пен азаматтарға келтірілген залалдың басым бөлігі өндірілді. Қылмыстық процестерді цифрландыру жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері істердің негізгі бөлігі электронды форматта жүргізіліпті. Экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасуда. «Интернет кеңістігінде алаяқтарға алданып қалмай, қаражатты сақтаудың бір жолы – сауаттылықты артыру,» -дейді сала өкілі. Себебі интернет-алаяқтардың арбауына түсетін тұрғындар азаяр емес.
РУСЛАН САТЫБАЛДИЕВ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
6 айдың қорытындысы бойынша 14 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 13 іс сотқа жолданды.яғни аяқталған істердің сотқа жолданып, кінәлі тұлғалардың жауапкершілік мәселесі соттың қарауына берілді. Мемлекет басшысының заң мен тәртіп қағидаьтын негізге ала отырып, есепті кезеңде барлығы 22 профилактикалық іс шара ұйымдастырылып, үшщ мыңнан астам азамат қамтылды.