#qyzylordatv 

Қызылордада түн ортасында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрттің қай қабаттан басталғаны және жалынның тұтануына не себеп болғаны жөнінде әзірге ресми ақпарат жоқ. 



Бізге белгілі болғаны оқиға кеше түнгі сағат үш жарымның шамасында орын алған. Қып-қызыл жалын Бектұрғанов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің үшінші, төртінші және бесінші қабаттарын шарпыған. Өрт салдарынан бірнеше пәтердің жатын бөлмелеріндегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар зақымданған. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.


РҮСТЕМ БЕРКІМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

2026 жылғы 16 шілдеде 03 сағат 32 минутта Қызылорда қаласы,Бектұрғанов көшесі 11 мекенжайда орналасқан 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алып жатқан жөнінде хабарлама келіп түсті. Қызметкерлермен баспалдақ арқылы 6 адам оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында зертхананың мамандары тағайындалды.