#qyzylordatv 

Аптап ыстықта облыс орталығындағы бірқатар мөлтек ауданның тұрғындары жарық пен ауыз сусыз қалған болатын. Жауаптылар бұл мәселеге қатысты брифинг өткізді. Мамандар электр желілерінің тозу деңгейі 60 пайызға жеткенін мәлімдеді. Қазіргі таңда ақау толықтай жойылып, электр жарығы мен ауыз су қалыпты режимде беріліп жатыр.


БАУЫРЖАН ЖАНТАСОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ 

Ауа райының аномальді көтерілуіне байланысты 35 әуе желілері 35\10 қосалқы станцияларымызға жүктемелер өте жоғары болуда. Қалыпты жағдай Қызылорда қаласы 92 мегаватт бүгінгі таңда алатын болсақ, ауа райының ысуына байланысты 122 мегаватт деңгейге дейін, 32 пайызға дейін өсіп отыр. Бүгінгі таңда Қызылорда 35 кВ электр желісімен қамтамасыз етілген жалғыз өңір болып табылады. Жыл сайын қала аумағы өсіп, жаңадан өте көп нысандар салынуда. Қызылорда қаласында 35 және 10 электр желілері және қосалқы станциялардың тозу деңгейі 60 пайызға жетіп отыр. Былайша айтқанда нормасына жеткен. Соның салдарынан электр қуатының барлығы тұтынушыларға толық жеткізуге мүмкіндігі 35 электр желісімен шектелуде.

 

ЖАСҰЛАН АБАТОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МКК БАСШЫСЫ Өткен аптада болған 6 магистральдық желіде ақау шықты. Оның төртеуі электр энергиясының болмауынан. Оның ішінде Қызылжарма су алу құрылымында, плафирактория су алу құрылымында ол шаңхай бөлігінде, сабалақ су алу құрылымында болды және де Мерей, Ақмешіт. Мерей су алу құрылымында болды. Оның барлы электр энергиядан болды. Бірақ өзіміздің мекемемізде резервтік дизель электр қондырғылары бар. Солардың жұмысы бірден 155 минутта іске қосылды. Бірақ 15 минутта қосылғанның өзінде 15 пен 45 минут аралығында қосылып, суды тоқтатпай қайта беріп отырдық.