Аймағымызда жас имамдар арасында «DINTELLECT» интеллектуалды сайысы өтті. Жарысқа қатысушыларға діни тақырыппен қатар тарих, әдебиет, әлем жаңалықтары секілді әртүрлі бағытта логикалық сұрақтар қойылды.

Интеллектуалды сайысқа 30-дан астам дін қызметкері қатысты. Олар 11 командаға бөлініп, бес кезең бойынша жарысты.

ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ

 Интеллектуалды білім сайысы облысымызда қызмет атқарып жатқан 35 жасқа дейінгі дін қызметкерлерінің арасында өтіп жатыр. Олардың арасында наиб имамдар, ұстаздық қызмет атқарып жатқандар да бар. Бұл жердегі мақсат – дін қызметкерлерінің жан-жақты білімін артыру, сауатын көтеру. Имамдар тек қана дінді ғана біліп, дінді ғана айтпауы керек, олар әдебиеттен де, тарихтан, әлемдік саясаттан да хабары болу керек.

 Сайыс барысында қатысушыларға Фердаусидің «Шаһнамасынан» сұрақтар қойылды, Эйнштейн, Абай сынды тарихи тұлғаларға байланысты сауалдар да болды.

 АЙБОЛАТ ТЕМІРОВ – ҚАТЫСУШЫ

Жарыс жақсы өтіп жатыр, ойландырады шынымен. Адамның ойлау жүйесін дамытады. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса, қызметкерлерде өзін жетілдіре түседі. Бір ғана бағытпен шектеліп қалмайды. Жарыс барысында «аһ» деген тұстар болды, соларды дамытып отырады.

Сайыс қорытындысы бойынша Жаңақорғаннан келген имамдар жеңіске жетті.

 БАУБЕК ҚАЛДЫБАЙ – «ҚҰМ САХАБА» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ

Жаңақорған ауданынан келіп отырмыз. Алланың қалауымен осы сайыста жеңіске жеттік. Жалпы ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғысымызды айтамыз. Сайыс барысы, мазмұны жастардікі, логикалық сайыс болды.

Жүлделі 2-орынды Шиелі имамдары иеленсе, 3-орынды Арал мен Қазалы аудандарының командалары бөлісті.