Негізгі Жаңалықтар Бойжеткен қамауға алынды

Бойжеткен қамауға алынды

#qyzylordatv 

Желіде жалған ақпарат таратып, полиция қызметкеріне құрметсіздік танытқан қала тұрғыны әкімшілік қамауға алынды. 


Қала көшелерінің бірінде қыздар түнгі сағат 01:00 шамасында автокөлікте музыканы қатты қойып отырған. Мұнысымен қоймай, айқайлап, түнгі тыныштықты бұзған. Бұл әрекетті байқаған полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеріп, ауызша ескерту жасаған. Алайда, 22 жастағы азаматша полиция қызметкерлеріне дауыс көтеріп, бейнетүсірілім жүргізген. Кейін болған жағдайды әлеуметтік желілерге бұрмаланған күйде жариялаған. Тіпті, өзін «күлгені үшін» жауапкершілікке тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне құрметсіздік танытқан. Осы әрекетінен соң қала тұрғы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол Сот шешімімен әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар