Қытайда «Қызылорда» велоспорт клубы ашылды
#qyzylordatv
Қытайда «Қызылорда» велоспорт клубы ашылды Сырбойылық велошабандоздар Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы ірі «Admax» зауытының өнімдерімен танысуға шақырылды. Сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстан велоспорт федерациясының және демеушілердің қолдауымен «Қызылорда» велоклубының ресми тұсаукесері өтті.
Бұл – біздің жас спортшыларымыз үлкен қадам болмақ. Ауқымды бастама аясында өңірден іріктелген, болашағынан зор үміт күттіретін алты велошабандозға жоғары сапалы, кәсіби деңгейдегі заманауи жабдықтар табысталды. Озық үлгідегі велосипедтер, жоғары технологиялық киімдер мен барлық қажетті керек-жарақтардан тұратын жабдықтардың жалпы құны 30 миллион теңгені құрайды. Енді спортшыларды қыркүйек пен желтоқсан аралығында шетелде өтетін қарқынды оқу-жаттығу жиындары күтіп тұр. Барлық шығынды демеушілер өз мойнына алған. Бұл қызылордалық шабандоздар үшін әлемдік додаларға тікелей жол болмақ. Алты шабандоздан тұратын команда қарқынды жаттығуды бастап та кетті.