Дзюдошыларымыз 11 медаль жеңіп алды
#qyzylordatv
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 3-уі күміс қалғаны қола.
Мамандар «Бұл – бұрын соңды болмаған көрсеткіш» деп бағалап отыр. Эквадорда өткен әлем чемпионаты жас дзюдошыларымыз үшін табысты аяқталды. Бас аяғы 11 медаль алып, жалпы есепте 2-ші орыннан көрінді. Әсіресе жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста топ жарып, сенсация жасады. Отандастарымыз алдымен Болгарияны, ширек финалда Жапония құрамасын қапы қалдырды. Жартылай финалда Өзбекстаннан басым түссе, ақтық сында Бразилияны тізе бүктірді.