Негізгі Жаңалықтар Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

#qyzylordatv 

Қазақстандағы жолдардың сапасы жасанды интеллектінің көмегімен бақыланады. Көлік министрлігі Е-жолдар цифрлық жүйесіне 12 түрлі базаның ақпаратын енгізіп, сараптама жүргізуді бастады. 


 Ал, арнайы жарақтандырылған көліктер камералар мен сканерлердің көмегімен күнделікті бақылау жүргізеді. Ол жолдың тегістігін, жолақтардың айқындығын, белгілердің стандарттарға сай орнатылғандығын тексреді. Жиналған деректердің негізінде жасанды интеллект жолдың қай бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі туралы ұсыныс жасайды. Бұл жүйе халықтың өтініштерін де жылдам өңдеп, жол сапасына қатысты шағымдарын есепке алады. 


 ДӘУЛЕТ БЕКМАНОВ - «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ ТӨРАҒАСЫ 

 Әр өтінішті мемлекеттік қызметкер әрі қарай жазып жүрмейді. Жасанды интеллект өзі отчет жасайды. Нопмативтік құқықтардың арқасында ЖИ жауапты өзі жасайды. Ары қарай қол қоюды немесе өзгертуді министрліктердің қызметкерлері өзі ары қарай жібереді


 Жалпы цифрландыру жұмыстары көліктің барлық түріне енгізіліп жатыр. e-Joldar, Smart Cargo, Q-Gate, QazETA, Echelon Alpha, KinetiX және Trip Optimizer сынды жүйелер авто, теміржол, және әуе қатынастарын толық жеңілдетуге бағытталған. Нәтижесінде Қазақстан арқылы тасымалданатын жүкті еселеп арттырып, елімізге келетін туристердің легін көбейтуге болады дейді мамандар.  


 ЖҰЛДЫЗ ГИЛЬМАНОВА - ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ 

 Бұл жүйе арқылы біз барлық транзиттік декларация арқылы қанша, қандай жүк тасымалданғандығын көре аламыз. Бұл смарт карго жүйесі арқылы бір КюАр код арқылы мүмкіндік береді. Ол өту уақытын 15 минутқа дейін қысқартады. 4 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді

Бөлісу

Аймақтық телеарналар