Негізгі Жаңалықтар Иісшіл ит 2 келіге жуық есірткі анықтады

Иісшіл ит 2 келіге жуық есірткі анықтады

#qyzylordatv 

Арал аумағындағы «Шеп» бекетінен аса ірі көлемде есірткі затын алып өтпек болған 37 жастағы қызылордалық ұсталды. 


 Блокбекетте «Land Cruiser» автокөлігін тоқтатып, қызметтік итпен тексеру барысында 1 килограмм 856 грамм болатын «марихуана» есірткі заты анықталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Бұл дерек «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталып отыр. Шара басталғалы иісшіл иттердің көмегімен 38 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 5-еуі есірткі қылмысына қатысты заң бұзушылықтар. Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара 31-ші қазанға дейін жалғасады. Негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар