Аралда жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Салтанатты шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Орталық алаңда өткен мерекелік кеште аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр. Бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, жемісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Биыл ауданның бас шыршасын жағу құрметі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени шараларға қатысуға келген қаламгерлерге берілді. Мәдени кеште аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ

 Өрісіміз малға қамбамыз дәнге толды. Экономиканың тамырына қан жүгіртіп тұрған әр сала бойынша қарқынды даму, оң динамика қалыптасып келеді. Жыл соңына қарай бірнеше әлеуметтік нысандарды пайдалануға беретін боламыз. Ал алдағы жылға сенімді бастамаларымыз бар.