Кеше кешке аймақтың біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды титықтатты. «Самара-Шымкент» трассасының Шиелі ауданынан Байқоңыр қаласына дейінгі бөлігі уақытша жабылып, 2600-ден аса жолаушыға көмек көрсетілген. Сондай-ақ, облыс орталығында көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғасы жиілеген. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Кеше кешкілік әлеуметтік жілелерде дәл осындай бейнежазбалар көбейді. Алдымен қар аралас жаңбыр жауып, қаланың іші көк мұзға айналды. Темір тұлпар тізгіндеу былай тұрсын, жаяу адамның өзі әрең жүр.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ
Ауа райының қолайсыздығы қызылордалықтарды біраз әбігерге салды. Көктайғақтың салдарынан жол көлік оқиғасы жиіледі. Мәселен, біз тұрғын мына өткелдің үстінде ондаған көлік соқтығысты. Соның салдарынан барыс-келісте қиындықтар туындады.
Облыстық полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, көктайғақтың салдарынан қала ішінде 10 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқыс жайттан жарақат алғандар жоқ. Десе де, көпбейінді облыстық ауруханаға көк мұзда тайып құлаған 13 науқас түскен. Жалпы, қаладағы жағдайы реттеуге 200-дей қызметкер мен 60-қа жуық техника тартылған. Қала көшелеріне 1400 тонна тұз аралас құм себілді.
Ал «Самара-Шымкент» тасжолына кешкі сағат 19:30-дан бастап уақытша шектеу қойылды. Шиелі ауданы мен Байқоңыр қаласының аралығында жолда қалған 1200-дей көлік тоқтатылып, ондағы 2600-ден аса жолаушыға көмек көрсетілген.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ - ОПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Маңызы бар «Шымкент-Самара» тасжолында 4 ЖКО тіркеліп, дене жарақатын алғандар болған жоқ. +00:25-/ Жағдайды реттеу мақсатында ПП ротасының 40-тан аса қызметкері күшейтілген режиімде жұмыс жасауда.
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 04:30-ден бастап көктайғаққа байланысты жабылған жол ашылып, қозғалыс қайта қалыпқа келді. Десе де, ауа райы күрт бұзылса, республикалық маңызы бар трассаға шектеу қойылуы мүмкін.