Аймақта жыл көлемінде жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындау мақсатында «Армандардан іске: жастардың бастамашылдығы» атты облыстық жастар форумы өтті.
Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыспен қамту мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі. Бұл бағытта аймақта 30 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін биыл облыстық бюджеттен 1 млрд 938 млн теңге қаралған. Ал бұған дейін нәтижесін көрсетіп үлгерген жобалар бойынша форум аясында көрме ұйымдастырылды. Мәселен, Жөлек ауылында тұратын 20 жастағы кәсіпкер Тоғжан Иманғали сиырдың еті мен сүтінен әзірленген өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
ТОҒЖАН ИМАНҒАЛИ – ЖАС КӘСІПКЕР
2022 жылдан бастап осы кәсіппен айналысып келемін. Бұл бізде отбасылық кәсіп болып саналады. Сиырлардың егесі әкем болып табылады. Ол кісі сиырды бағып-баптап береді. Сол ірі қарадан шығатын сүт пен оның етінен осындай түрлі өнімдерді мен осылай жасап, сатумен айналысамын. Қазір ауыл мен аудандағы дүкендер өнімдерімізді сұратып, сатып алып жатады. Алдағы уақытта бизнесімді дамытып, үлкейтсембе деймін.//
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
2,7 млрд теңгеге жас кәсіпкерлердің 158 жобасы бойынша кепілдік шарттар жасалды. Аграрлық несие коорпорациясы арқылы 1,6 млрд теңгеге жас кәсіпкерлерге 93 жобасы қаржыландырылды.
Форумға қатысушылар «Жастар және мемлекеттік басқару: Болашақ көшбасшылары», «Шығармашылық және креативті тұлға: Жастардың өзін-өзі дамыту жолдары» және «ІТ революциясы: Әлемді өзгертетін жаңа технологиялар» тақырыптары бойынша пікір алмасты.
Жастар аймағымыздың қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысып келеді. Осы орайда өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар жас облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.