Облыстық жастар ресурстық орталығында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының қорытынды жиыны болды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, кәсіподақ өкілдері, қор жанынан ашылған «Тәлімгерлер клубының» мүшелері қатысты.

Өңірдегі мәселелерді шешуге азаматтық секторды тарту үшін құрылған «Әділдік және өркендеу» қоры жыл басынан бері 70 –ке жуық жеке кеңес беру мен қоғамдық қабылдаулар өткізген. Дөңгелек үстел және конференция форматында 7 жиын ұйымдастырылған.