Облыстық әділет департаменті жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.Тілші бейнематериалында толығырақ.

Елімізде алимент төлеуден жалтаратын әкелер азаймай отыр. 13 мыңнан астам азамат өз балаларынан жасырынып жүр. Біздін өңірде де ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен жалтарғандар аз емес. Мәселен, биыл департамент мамандары 1600-ден астам проблемалық іске нүкте қойса, соның басым бөлігі алимент өндіру дерегі.

ИРИНА БӘКІШЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Жұмыссыз болып, алимент төлей алмағандықтан тиісті мемлекеттік шараларды қолданып, қалалық органдармен жәрмеңке өткізу нәтижесінде 107 борышкерді жұмысқа орналастырып, соның нәтижесінде алимент алатын әйелдер алимент алып отыр. Алиментті уақытында төлемеген азаматтарға сот орындаушыларының жасайтын әрекетіне сәйкес 669-шы әкімшілік бабына сәйкес, 3 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қазір айыппұл төледі. Сонымен қатар, мүлде алимент төлемейтін, бүкіл әрекет жасасақ та нәтиже шығармаған 16 борышкер Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 139-шы бабына сәйкес айыппұл өкімі шығып, бір жылға бас бостандығынан айрылып отыр.

Әділет органдарының басты бағыты – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі үйлестіру. Аталмыш құрылым осы бағытта тұрғындарға 12 түрлі қызмет көрсетіп келеді.

 ИРИНА БӘКІШЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

«Egov.kz» электронды үкімет порталы арқылы онлайн тәртібімен коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу, таратылуын тіркеу және заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің басшысын ауыстыру мүмкіндігі енгізілді. Бұл бастамашылық заңды тұлғалардың ХҚК Орталығына бару уақыты мен шығынын үнемдеуге әкеледі.

Сондай-ақ, департамент өкілдері ресми құжаттарға апостиль қою жұмыстарын «электрондық үкімет» порталы арқылы да жүргізуде. Осы аталған мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіліп отыр. Жалпы жыл көлемінде 1100 құжатқа апостиль қойылған.