Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов бүкілресейлік «Қалқан және қалам» байқауының лауреаты атанды.
Сала ардагерін марапаттау рәсімі облыстық полиция департаментінде болды. Жиынға тәртіп сақшылары мен бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған сала ардагерлері қатысты. Айта кетейік, Әмірбек Шаймағамбетов детектив жанрына қалам тербеп жүрген құқық қорғау саласының өкілі.
ӘМІРБЕК ШАЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Біздің өмірімізде болған, әсіресе тіуелсіздіктің алғашқы жылдары өмірімізде болған ауыр қылмыстар жайында естеліктер жазып жүрміз. Облыс аумағында болған Қызылорда-Сарыағаш бағытындағы автобусты басып алып, 30-дан аса адамды тұтқынға алған террористерге қарсы құтқару жұмыстары жөніндегі менің «Операция Нават: транзистік үміт» деген менің еңбегім ТМД мемлекеттерінің арасында лауреат атанып отыр екен. Бұл менің ғана емес полиция қызметкерлерінің, арнайы мақсаттағы «Арыстан» жасағының ерліктері. Осыны жазғанбыз.