Көлік жүргізушілеріне құлаққағыс! Қызылорда мен Аралдың арасындағы жол енді ақылы болады. Қай көлік қанша төлейді және оның алгоритмі қандай екенін құзырлы мекемелерден сұрап-білген білдік.

ҚР Көлік министрлігінің 8 қаңтардағы бұйрығыа сәйкес, Қызылорда-Арал автожолы автобустар мен жүк көліктеріне ақылы болады. Бұл жүйе 26 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Ал, жеңіл көлік иелері аталған Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаум мен өткізу пункті қойылмайды, сондықтан кептеліс болмайды. Ал, төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкинг, төлем терминалы мен электрондық әмиян, ұялы телефон балансынан дегендей. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер де қарастырылған.