#qyzylordatv

Елімізде мал саны дұрыс есептелмейді. Бұл мемлекеттен көмек алар кезде ескерілетін басты критерий. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов осылай деді.

 Оның айтуынша Ауыл шаруашылығы министрлігі төрт түлікті сәйкестендіру және есепке алу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген және ақпараттық жүйесінде қате ақпарат берген. Бұдан бөлек, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Атап айтсақ, 860-қа жуық ауылдың 750 мыңнан астам тұрғыны интернетпен қамтылмаған. Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру қарқынының төмендігіне байланысты жоспарланған денсаулық сақтау нысандарының тек 65%-ының ғана құрылысы аяқталған.

 ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Анықталған барлық кемшілік бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Олар Сенаттың жұмыс топтары мен комитеттерінде жан-жақты қаралды. Құрметті депутаттар Үкімет және Парламентпен бюджетті жетілдіру ойынша жұмысымыз одан әрі жалғасатынына сенім білдіреміз.//

 Жоғары аудиторлық палата төрағасы «Бәйтерек» холдингінің күмәнді компонияларды қаржыландырғаны туралы да айтты. Холдинг KPI-ға жетпеген немесе міндеттемелері мүлдем қарастырылмаған жобаларға қолдау көрсеткен. «Самұрық-Қазына» қорының да жалпы құны 239 млрд теңге болатын тау-кен, металлургия және өнеркәсіп салаларындағы 13 жобасы тоқтатылды.