#qyzylordatv
Қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алу - полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Міндетін мінсіз атқарып жүрген тәртіп сақшыларына «23 маусым - Полиция күні» мерекесі қарсаңында құрмет көрсетіледі.
Полиция қызметкерлері қашанда құрметке лайық. Себебі олар жылдың қай мезгілі болмасын уақытпен санаспай жұмыс істейді. Соңғы жылдары аймақта Сыр сақшылары қызметтік көлікпен, қажетті құрал-жабдықтармен және тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, барынша жағдай жасалуда. Сонымен қатар, қызмет барысында қаза тапқан азаматтардың есімі жаңғырту мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мәселен, Кеңесбек Әбішев, Талғат Қозыбаев, Есен Бектұрсынов, Қайрат Қалеков сияқты бейбіт күннің батырларына арналып бірқатар білім беру мекемелерніде «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.