#qyzylordatv
Бұл жаз әсіресе әкімдер мен басқарма басшыларына ерекше ыстық болғалы тұр. Оған біздің түсіруші топ облыс әкімдігінде қаралған бюджеттің игерілуі, салық базасын ұлғайтудағы нәтижелер бойынша қаралған жиналыста көз жеткізді. Тілшіміз айтсын.
Облыстың есеп-қисабына жауапты басқарма жыл басынан бері өңірімізде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім қалыптасқанын айтты. Дейтұрғанмен, бюджет игеруде кенжелеп тұрғанымызды да алға тартты:
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, көлік саласы бойынша статистикалық есептілік тапсыратын кәсіпорындармен егжей-тегжейлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізулері тиіс. Иә, рас, мұнай өндірісі өңірде төмен, бірақ, ол олқылықты өңдеу өнеркәсібіне қамшы басу арқылы реттеуге болады деді аймақ басшысы
Ел Президенті бюджет қаржысын үнемді әрі тиімді жұмсауды қатаң тапсырды. Сондықтан облыстық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері барлық макроэкономикалық көрсеткіштің өсімін қамтамасыз етіп, жоспарға сәйкес бөлінген қаржы толық игерілуі тиіс. Ал, салықтың түсімі жақсы.
Байқағанымыз, бұл жазда әкімдер мен басқарма басшылары беймарал демала алмайтын секілді, тапсырма мен міндеттемелерді орындау үшін қыруар жұмыс жасалуы тиіс. Ол енді түсінікті де, мемлекетке қызмет етем деп келген кез келген адам елінің өсіп-өнуіне еселі еңбек сіңіруі парыз.