#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар нысанды аралады. Солардың бірі - «Дәулет» теннис орталығы. Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады.

Сондай-ақ, мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді. «Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі. Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.