#qyzylordatv

Былтыр республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңге болды. Оның 98 пайызы қарыз алу арқылы жабылған. Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның былтырғы бюджетінің есебін екшеді.

 Қазынаға 19,6 трлн теңге кіріс түскен. Бұл жоспардан 608 млрд теңгеге аз. Оның негізгі себебі, әлемдік геосаяси жағдайға байланысты кейбір өндіріс көлемінің қысқаруы мен логистикалық шығындардың өсуінен деді, Қаржы министрі Мәди Такиев. Ал, бюджет шығысы 23,6 трлн теңгеге жетіп, ол 98 пайызға орындалған. 526 млрд теңге игерілмей қалды. Соған қарамастан үкімет әлеуметтік міндеттемелерді толық орындады. Қаржы министрі бөлінген ақшаны пайдаланбаған органдардың бірінші басшыларына жаза күшейетінін айтты.

МӘДИ ТӘКИЕВ – ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ //Біз былтырғы кезеңде 73 тұлғаны айыппұл салдық өзіміз. Жалпы біздің ойымызда бар. Биыл енгіземіз. Біздің вице министрдің деңгейінде. Комитет төрағалары, төрағалардың орынбасарлары.//