Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысы Константин Бусыгинмен кездесті.
Облыс әкімі қаланы бірлесіп дамытудағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өту жоспары талқыланды. Жұлдызды қалашықтың мерейтойы облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, кездесуде Байқоңырдың бас жоспары, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындағы сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және жаңадан салынып жатқан бес тұрғын үйдің құрылыс барысы қаралды. Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстар жоспарға сәйкес іске асырылатынын жеткізді.