Шәкірт санасына сәуле шашқан ұстаздар жан-жақты болуы қажет. Осы мақсатта қаладағы жеке мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер арасында өнер байқауы болды.

Ұстаздар қазақ кино әлемінің шоқтығы биік туындыларын сахналады. Бала жанының бағбандары осылайша өнерден де құралақан емес екендігін көрсетті. Айта кету керек, мұндай мәдени шара жеке мектептер арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл мұғалімдердің шығармашылық қабілетін шыңдауға септігін тигізеді,-дейді ұйымдастырушылар.