Алдағы уақытта ауыз су тарифі өзгереді. Сондай-ақ, жарық және газ бағасы да қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов баспасөз брифингінде айтты.

АЙБЕК ЕГЕМБЕРГЕНОВ - ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Мен тек қана суды айта аламын. 1 сәуірден бастап тариф өзгереді. Ал қалған электр энергия мен газдың бағасы ертең болатын стратег тауарлардың өсуіне қарай шығады. Ол жерде қандай шығындарды салады, қаншаға өзгертеді оны біз айта алмаймыз. Біз экспертиза жасаймыз. Содан кейін ғана белгілі болады.

Қазіргі таңда қала халқы қосымша құн салығынсыз электр энергиясына 22 теңге, ауыз суға 43 теңге, жылуға 4307 теңге, ал, газға 37 теңге көлемінде төлем жасайды. Былтыр департамент өз құзіреті шеңберінде 16 субъектіге тексеру жүргізіп, оның 8-інен заңбұзушылық анықтаған. Нәтижесінде, 55,7 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, барлығы мемлекеттік бюджетке өндірілген. Сондай-ақ, бектілген тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдап, 14 субъектіге 20 қызмет түрі бойынша уақытша өтемдік тарифтер бекіткен. Соның арқасында, тұтынушыларға қайтарылатын қаржы көлемі 523,4 млн.теңгені құрады.