Облыстық көпбейінді аурухана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Олардың қатарында компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография және ангиограф секілді дертті дер кезінде анықтайтын аппараттар бар.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы емдеу нысанына арнайы барып, жаңа құрылғылардың мүмкіндігімен танысты. Соңғы үлгідегі компьютерлік томография Америкадан әкелінген. Бұл аппаратпен кез-келген ауруды ерте сатысында анықтауға болады, дейді мамандар. Яғни, осыған дейін пайдаланған құрылғы дерттің белгілерін 64 кескінде көрсетсе, жаңа қондырғы 2 есе дәлдікте жұмыс істейді. Мұнан соң мамандар салада өткен жылы атқарылған бастамаларды саралады. Былтыр өңірдегі емдеу мекемелерін медициналық құралғылармен қамту көрсеткіші 87 пайызға жетіп, 200-ге жуық санитарлық автокөлік сатып алынды. Енді осындай кең көлемді кешенмен аудан орталықтарын да қамту көзделіп отыр.