#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #қайырымдылық #1000отбасы

«Рамазан сыйы». Осындай атаумен республика көлемінде қайырымдылық акциясы басталды. Игі іске Сыр жұртшылығы да үн қосып, тұрмысы төмен мың отбасыға азық-түлік салынған себеттер таратылды.

Биыл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының құрылғанына 35 жыл. Осыған орай республиканың әр өңірінде түрлі рухани жобалар бастау алып, басқарма жанынан құрылған қорлар тарапынан қайырымдылық шаралары жүзеге асуда. Соның бірі - «Зекет» қоры мұрындық болып отырған «Рамазан сыйы» акциясы. Аталған іс-шара аясында бүгін бір мезетте республиканың барлық өңірінде 35 мың себет азық-түлік таратылды.

ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ - «Халықтың берген садақаларынан және демеушілердің көмектерінен құралған 35 мың отбасыға қайырымдылық акциясын бастады. Соның ішінде 1000 отбасыға біздің облыста беріп жатыр. осы кезде басқа аудандардың барлығында осындай қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. бұл жерде азық-түлік қамтылған, күріші бар, ұны бар басқа да әлеуметтік тағамдар қамтылған».

 Азық-түлік түріндегі тегін көмекті әлеуметтік аз қамтылған және арнайы есепте тұрған отбасылар алды. Ол үшін арнайы бөлімдермен зерделеу жүргізіліп, нақты тізім бекітілген.

 ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ - «Бізде қайырымдылқ алатын отбасылар «Бақытты отбасында» тіркелген. Яғни, тізімді сол жақтан аламыз. Және ортаық база бар. мысалы, қайырымдылықты қазір бірқатар азаматтар алса, енді келесі тағы бір қайырымдылық шарасы болғанда базаға енгізілген, яғни алған адамдар қайталанбайды. Адам өзгеріп тұрады, әркім өзінің кезегімен алып тұрады».

 Мәселен, Айгүл Кенжебаева «Қызылорда тазалығы» мекемесінде көше сыпырушы болып еңбек етеді. 53 жастағы жұмысшының төрт баласы бар. Айтуынша бір қызы екінші топ мүгедектігімен есепте тұрады. Қасиетті айда жасалып жатқан жақсылыққа шексіз алғысын жеткізді.

АЙГҮЛ КЕНЖЕБАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - «Халықтың берген садақалары қабыл болсын. отбасыларыңыз аман болсын. елеміз-жұртымыз тыныш болып, Рамазаннан Рамазанға жылдан жылға жүре берейік. Халыққа рақмет, Алла разы болсын!»

Қайырымдылық - қасиет төресі. Әсіресе Рамазан айында жасалған әрбір сауапты іс еселенетіні белгілі. Ал облыстың бас имамы «қайырымдылық іс-шараларын тек Рамазан айында ғана емес, жыл он екі ай жалғастыру ниетіміз»,- дейді.