«Қайдасың, мама?!». Жастар театры драматург Жансая Бауыржанқызының монодрамасын сахналады.
Шығарманың қысқаша желісінде Сара есімді қыз балалық шақтың ыстық естеліктері мен қатал әке мінезін, анасының көрген ауыртпалығын және өз өміріндегі қиындықтарды сомдайды. Достыққа адалдық, өмір мен өнерге деген құлшыныс, ауыл қызының аңғалдығы мен ойнақтап жүріп от басу моноспектакльдің негізгі бөлімінде бейнеленеді. Сезім мен сенімнің арпалысы, балауса қыздың бала шақтан болашаққа деген келбетін айшықтап, айтар ойын адалдық пен махаббатқа негіздейді. Қойылымның режиссері қалалық “Жастар” театрының әртісі Ақерке Жаңабай. Басты рөлдегі Сара образын сомдаған театр әртісі Толғанай Аманкелді.
АҚЕРКЕ ЖАҢАБАЙ – РЕЖИССЕР //Бұл шығарманың негізіне тоқталатын болсақ, қоғамдағы болып жатқан ана мен баланың арасындағы махаббат және олардың ізденісі сондай-ақ, болып жатқан отбасы мәселесі жайында айтылады. Сондайақ тек ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты көрсетіп қана қоймай отбасыдағы рухани тапшылық мәселесі айтылады. Бұл менің Қызылорда қаласындағы алғашқы туындым. Қызылорда да енді аяқ басып келе жатқан «Жастар» театры осы спектакльді сомдады. Менінше өте сәтті шықты актиса өз рөлін керемет алып шықты,яғни менің ойымдағы көріністі көрсете алды.