«Аналардың аманаты». Осындай тақырыппен көркемсурет галереясында Алматы облыстық «Анаға құрмет» музейінің көрмесі өтіп жатыр.

 Көрмеге ұлт мақтанышына айналған біртуар азаматтардың аналары мен бейбіт өмірде ерен еңбегімен ерекшеленген асыл жандардың портреттері мен ұстап тұтқан заттары қойылған. Іс-шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов көрменің рухани-танымдық маңызына тоқталып өтті. Ал Алматы облысы музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келімбетов Сыр елінің терең тарихына құрметін білдіріп, екі өңір арасындағы ынтымақтас іс-шаралардың әлі де жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, Алматы облыстық музейінің құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Бүгінгі күні мәдени нысанда 500-ден астам құнды жәдігер мен музыкалық аспаптар сақталған.