Облыс көлемінде бүгіннен бастап мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп құжатсыз мал тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың бар-жоқтығын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Сонымен қатар, сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал союға арналған орындар тексеріледі. Аталған іс-шара 31 наурызға дейін жалғасады.