#qyzylordatv
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесе, «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шарада қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлік істері дәріптелді. Сонымен қатар «Ұлы Жеңістің жаңғырығы» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Көрмеде соғыс жылдарынан сырын шертетін тарихи деректер, әдеби-көркем туындылар мен сирек кездесетін басылымдар ұсынылған. Ұйымдастырушылар мазмұнды кеш арқылы жастар мен ардагерлер арасында рухани байланыс орнатуды мақсат тұттық дейді. Сыр өңірінің Кеңес Одағының батырларының ерлік жолдары насихатталды.
КҮЛАЙ ЕРМАҒАМБЕТОВА - ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Жастарға патриоттық тәрбие берейік, отан сүйгіштікке тәрбиелейік. Тарихты білсін, кімнің арқасында бейбіт өмір сүріп жатыр. Өмірден озса да Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің аруақтарын ұлықтап, оларға тағзым ету мақсатында бірнеше мекемелерде кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осы аптада № 233 орта мектепте Жаппасбай Нұрсейітов ағамыздың ерлік жолдарына арналған, Кеңес Одағының батырына іс-шара өткізілді.