#qyzylordatv

 Байқоңырлық полицейлер жоғалған екі баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды. Полиция бөліміне кеше түстен кейін 16:00 шамасында қала тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ата-ана екі баласының аулаға ойнауға шығып кеткеннен кейін қайтып оралмағанын айтқан.

Аталған дерек бойынша шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп, барлық патрульдік жасақтарға бағыт-бағдар беріліпті. Нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында алты және жеті жастағы екі балақай қала аумағынан аман-есен табылып, ата-аналарына қайтарылды. Олар полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.