#qyzylordatv

Қызылордада үстел теннисінен облыстық ашық біріншілік өтті. Оған республикадан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 50-ге жуық спортшы қатысып, шеберлік байқасты.

 Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. Тіпті әуесқойлардың өзі минутына жүзге жуық соққы жасап үлгеретін спорттың бұл түрімен тұрақты шұғылданатын қызылордалықтар қатары да артып келеді. Қызығы сол, бұл жолы ашық біріншілікте жасы 40-тан асқан ойыншылар бақ сынады.

БОЛАТ БАКУОВ – ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ // Бұл жарысты артымыздан еріп келе жатқан жасөспірімдер, жастарға үлгі болсын деген мақсатпен ұйымдастырып жатырмыз. Төрт жас ерекшелігі бойынша өткізіп жатырмыз. Бұл жолы тек ардагерлердің арасында ұйымдастырсақ, алдағы уақытта жастардың арасында ұйымдастыру жоспарда бар//

АБУЛАХАД РАСУЛОВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ/ӨЗБЕКСТАН/ //аударма/Біз бұл жарысқа Ташкент қаласынан келіп тұрмыз. Құрамда 6 ойыншымыз бар. Түркістан, Шымкенттегі жарыстарға үнемі қатысып тұрамыз. Жетістігіміз де бар. Бұл жарыстан да үлкен үміт күтіп отырмыз. Қазақстанда үстел теннисі өте жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанын байқадық//

Қатысушылар он екі топқа бөлініп, алдымен іріктеу кезеңінің мықтылары анықталды. Сонан соң, топтан шыққандары плей-офф кезеңінде өзара сайысқа түсті.

 АБЗАЛ ЕРӘЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ // Біз жылдың басынан бері төрт турнир ұйымдастырдық. Оқушылар арасында өткізіп жатырмыз, спорт мектептерінің директорларының арасында ұйымдастырып жатырмыз. Бұның бәрі қоғамдағы жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізеді//

 Сайыс қорытындысымен жеңіске жеткендер арнайы диплом, медальдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.