#qyzylordatv

Сотталғандарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда өндірістік аймаққа шағын және орта бизнес субьектілерін тарту мәселесі талқыланды.

 Облыс бойынша жазасын өтеп жатқандардың алпыс пайызға жуығы еңбекпен қамтылған. Олар күйдірілген кірпіш, пескоблок, газоблок және тігін цехтарында жұмыс істейді.

БАҚЫТ АБИЛОВА - ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

 Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат шағын, орта кәсіпкерлік субьектілерін №60-ыншы түзету мекемесінің өндірістік аймағанына өз кәсіптерін ашып, жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамту. //№60-ыншы түзету мекемесінде жұмысқа жарамды 852 сотталғанның 450 жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда 11 жеке кәсіпкер жұмыс атқаруда.

 №60-ыншы түзету мекемесінде жаңа өндірістік жұмыстарға дайын 2530 шаршы метр жер бос тұр. Мұнда кәсібін жүргіземін деген азамат тек коммуналдық қызметтерді және жұмысқа орналасушылардың ақысын төлейді. Бұл тұрғыда бизнес өкілдері кәсіп жүргізу барысында кездесетін кедергілер жайлы пікір білдіріп, ұсынысын жеткізді.

ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚ - ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Сол жерде жұмыс жасап жатқан бір,екі кәсіпкер өз мәселесін көтерді,заң бәрімізге ортақ, кіріп шығуда, құралдарды тексеруінде мәселелер бар, оны енді шешілмейтін мәселе жоқ, біз бірлесіп, қарастырып шешеміз, құзырлы органдар бар, прокаротура органдары бар бірлесіп шешетін болып келістік.

 Жазасын өтеушілерді еңбек арқылы тәрбиелеу олардың қоғамға деген көзқарасын өзгертіп, болашаққа үмітпен қарауға жетелейді, дейді мамандар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу көзделіп отыр.