#qyzylordatv
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына – 120 жыл. Атаулы датаға орай, ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында облыстық жыр мүшәйрасы өтті.
Өнер сайысы ақынның есімі берілген қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Қатысушылар алғашқы кезеңде Асқар Тоқмағамбетовке арнауларын арнаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта өз шығармаларын оқыды. Қазылар алқасы тақырыптың ашылуына, өлеңнің ұйқасы мен көркемдігіне мән беріп, нәтижесінде бірінші орынға жалағаштық жас ақын Дидар Өмірзақ лайық деп танылды. Ал, Қармақшыдан келген талапты жас Нұркелді Өтепберген екінші орынды қанжығалады. Үшінші орынды қызылордалық Нұргүл Төлеубай мен Жалағаштың жас ақыны Шадыман Теміршеқызы бөлісті. Барлық қатысушыға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.