#qyzylordatv
Қызылордада дәстүрлі «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» іс-шарасы өтті. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оны 23 – сәуір Ұлттық кітап күніне арнады.
Бағыты теміржол вокзалынан басталатын №1 қоғамдық көлік бұл күні әсем безендірілген жылжымалы кітапханаға айналды. Жолаушылар жол-жөнекей поэзиялық жыр тыңдап, жас өнерпаздардың орындауындағы есті әндерді қосыла шырқады.
НҰРГҮЛ ТӨЛЕУБАЙ – № 6 ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ «Қалалық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен жыл сайын әдеби автобус жобасы болады. Жобаның мақсаты қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. №1 бағыттағы қоғамдық көлікке мінген жолаушыларымызға кітапханадағы кітаптар, әдебиеттер туралы насихаттау және викториналық ойындар арқылы қызығушылықтарын ояту.
«Әдеби автобуста» жыр жолдарынан үзінді оқып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтқан оқушылар көптің қошеметіне ие болды. Ал қызықты викториналық ойындардың жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірілді.
Тосыннан қызықты шараға тап болған жолаушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы оянып, рухани кемелдене түсті.