#qyzylordatv

Көру қабілеті бұзылған сайлаушылар енді ешкімнің көмегінсіз өздері дауыс бере алады. Пилоттық режимде қолданылған NVDA дыбыстық бағдарламаcы, қазір Павлодарда сынақтан өтіп жатыр.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Жаңа технология арқылы зағип жандардың сайлауға қатысу белсенділігі артпақ,-дейді "Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі. Сондай-ақ жиында, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қорғауға арналған Жол картасы әзірленетіні айтылды. Мақсат – сайлау инфрақұрылымын барлық азаматқа қолжетімді ету.

 АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

//Тұжырымдаманың іске асыру жұмыстары осы жылдың басында басталды: бес жылға арналған. Бүгін бірінші кездесу орталық сайлау комиссиясымен. Әрі қарай біз оны жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейміз. Арнайы портал бар ғой инвагов деген. Соны әрі қарай қалай дамыту керек осы жағын қарастыру керекпіз.//