#qyzylordatv
«Ғылым – ұйымдасқан білім, даналық – ұйымдасқан өмір». Өмір мен білімді ұйыстырып, ел руханиятында өзіндік қолтаңбасымен дараланатын жандар бар. Солардың бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Бауыржан Иманғалиев.Қалың қазақты «Нарком Жүргеновпен» табыстырған ғалым жайында сюжетке зер салайық.
Бауыржан Иманғалиев – қасиетті Сыр топырағының төл перзенті. Темірбек Жүргеновтің қайраткерлік қырын терең зерттеген санаулы ғалымның бірі. Ол «Темір Наркомды» тануға 30 жыл ғұмырын сарп етті. 2 монография, 4 кітап, 100-ге жуық ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. Қағазға қатталған шығармаларының барлығы Жүргеновпен қатар Алаш ардақтыларына арналды.
БАУЫРЖАН ИМАНҒАЛИЕВ, ҰСТАЗ-ҒАЛЫМ // Ата-анам ұстаз болған кісілер. Арғы атам да педагог болған кісілер. Сол ағартушылық, халықтың сауаттылық жолында үлкен қызмет жасаған. Мен де сол «ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді. Сол ата жолын қуып, ұстаздық жол, ғылым жолы, білім жолында 35-40 жылдай болды келе жатқаныма. Ғылыми бағытым осы Темірбек Жүргеновтің әдеби-публицистикалық мұрасын зерттеу. Сол бағытта кітаптар жазып жүрмін, оқу құралдарын осы ғылыми айналымға түсіру бағытында еңбек етіп келемін.
Бауыржан Иманғалиев – медиа саласының майталманы. Қазақ журналистикасының қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұзақ жылдан бері ұстаздық етеді. Осы уақыт ішінде оның тәрбиесін алған шәкірттер отандық БАҚ-та жемісті жұмыс атқарып жүр.
ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ - ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ // Отандық ғылымда және мемлекеттік қызметте ол кісінің ізі сайрап жатыр. Бүгінгі мына мерейтойлық белесі құтты болсын деп айтамын. Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі өте мол. Кезінде баспасөз саласында, PR саласында кәсіподақтың төрағасы, медиаорталықтың басшысы, проректорлық қызметті атқарған. Кейіннен, осы, мінекей, журналистика факультетінде РR маманы ретінде өзіндік ізін қалдырып, бүгінде жемісті еңбектеніп жатыр.
Ұстаздық пен ғылымды ұштастырған ғалымның еңбектері шетелдік басылымдарда үнемі жарияланып тұрады. Ал, Темірбек Жүргеновті зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.