#qyzylordatv

 Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сирек кітаптар қоры көрмеге қойылды. Олардың арасында осыдан бірнеше ғасыр бұрын араб әріпімен жазылған құнды мұралар бар.

 Дәуірлер үнін жеткізген көрмені тамашалауға бірнеше мектеп оқушылары арнайы келді. Олар көпшіліктің қолы жете бермейтін сирек кітаптарды жақыннан көруге мүмкіндік алып отыр. Жалпы әмбебап кітапханада 2010 жылдан бері көне кітаптар жинақталып келеді. Бүгінде олардың саны мыңға жеткен. Қордағы ең көне жәдігер осыдан 150 жыл бұрын жазылған құран кітап. Тұтас бір жарым ғасыр өтсе де құнды кітаптың әріптері әлі өше қоймаған. Қазыналы қорда алаш арыстарының біршама қолжазба еңбектері де бар екен. Мұнымен қоса, Қызылорда астана болған жылдарда жарық көрген басылымдар қойылған. Айта кетерлігі, сирек кітаптардың көпшілігі жергілікті тұрғындардың жеке қорынан алынып, арнайы зертханада қалпына келтірілген.

ГҮЛДЕРАЙЫМ ҚОСАНОВА – КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ /Жалпы, бізде сирек қорда келген, қолдан тапқан кітаптарды, бір кітапты қалпына келтіру үшін 4 айдай уақыт кетеді. Қазіргі таңда қалпына келтіру секторы өзімізде ашылды/

 ГҮЛБАҒИРА БӘКІРОВА – ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ /Бұрыннан келе жатқан көне тарихи деректермен танысып жатырмыз. Өте керемет болды деп есептеймін. Бұдан кейін де балаларымыз келіп, осы кітапханадан көп басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің жұмыстарын жазады деген ойдамыз/